Зейнеткер көршісін өсектеймін деп 484 400 теңге айыппұл арқалады

1 543

Фото: Opennews.kz ЖИҚарағандыда өзінің танысы туралы шындыққа жанаспайтын сыбыс таратқан зейнеткер әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Сот деректеріне сәйкес, ол өзге адамдардың көзінше жәбірленушінің баласы күйеуінен емес деген негізсіз мәлімет айтқан. Істі қараған сот бұл ақпаратты көрінеу жалған деп танып, азаматшаны 160 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы 692 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.
Кейін заңда көзделген жеңілдікке байланысты сома 30 пайызға азайтылып, түпкілікті өндірілетін қаражат 484 400 теңгені құрады. Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.