Алматыда ер адам автобус ішінде бұрынғы әйелін пышақтамақ болды

212

Бұрынғы күйеуі автобуста әйелге шабуыл жасады: оқиға автобустың бейнебақылау камерасына жазылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com 

Құқық қорғаушы Дина Смаилова Facebook парақшасында мән-жайды баяндап, Алматы қаласының бас полицейіне жүгінді.


Оның жазуынша, ер адам төрт күн бойы бұрынғы әйелін жұмысының жанында торуылдаумен болған. Сондай-ақ жазбада ерлі-зайыптының ажырасқанына екі жыл болса да, бұрынғы күйеуі әйелге тыныштық бермегені айтылған.


Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.


Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Сондай-ақ кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны, соның қорытындысы бойынша бұл қылмыстық іске қатысты түпкілікті процессуалдық шешім шығарылатыны мәлім болды.