АЭС: Халықтық штаб Қаракеткен ауылының тұрғындарымен кездесті

1 205

Жалағаш ауданыБүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Жалағаш аудандық Халықтық штабының төрағасы Елеусінов Өмірзақ және штаб мүшелері Шілдебаев Бейбітжан, Ахметжамиев Асхат және Әбдісаттарұлы Жангелді Қаракеткен ауылының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Келелі кездесуде АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстанда екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы бар: Қазақстан Республикасының Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы және Алматыдағы Ядролық физика институты, олар атом электр станцияларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуде кадр тапшылығы мәселесі болмайды деуге негіз бар", – деді аудандық Халықтық штаб төрағасы Елеусінов Өмірзақ.


"Атом электр станцияларының құрылысы аймақтардың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен өмір сүру сапасына оның ішінде: энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен айтарлықтай әсер етуі мүмкін", – деді Бейбітжан Шілдебаев.

Ал кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС салуды қолдау бойынша оң пікірлерін айтып, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.