АЭС: Халықтық штаб Қаракеткен ауылының тұрғындарымен кездесті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Жалағаш аудандық Халықтық штабының төрағасы Елеусінов Өмірзақ және штаб мүшелері Шілдебаев Бейбітжан, Ахметжамиев Асхат және Әбдісаттарұлы Жангелді Қаракеткен ауылының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Келелі кездесуде АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.
"Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстанда екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы бар: Қазақстан Республикасының Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы және Алматыдағы Ядролық физика институты, олар атом электр станцияларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуде кадр тапшылығы мәселесі болмайды деуге негіз бар", – деді аудандық Халықтық штаб төрағасы Елеусінов Өмірзақ.
Ал кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС салуды қолдау бойынша оң пікірлерін айтып, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.
Қаз
Рус






