Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз 1 айдан кейін Көкшетаудан табылды

366

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қызды облыстық орталық аумағынан тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 


Алматы полицейлеріне қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 12 мамырда келіп түскен. Бір ай көлемінде іздеу жұмыстары тек Алматы аумағында жүргізілген. Ал басқа қалаларға кәмелетке толмаған қыз туралы ақпарат жіберілген. 

8 маусымда Көкшетау полицейлері көшеде жоғалған қызға ұқсайтын қызды байқаған. Жеке тұлғасын анықтау үшін тәртіп сақшылары қызға сұрақ қойған. Кейін оның Көкшетауда сүйіктісімен бірге жүргені белгілі болды. 

Полицейлер бірден алматылық әріптестеріне қыздың табылғанын хабарлаған. Жастардың сөзінше, Көкшетауға үйлерінен алыс жерге кету үшін келген екен.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.