Астана әуежайынан өрт шықты

1 583

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметіАстана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шыққан, адамдар эвакуацияланды.


Сағат 08-24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.  


Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.