Енді ауа райына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендер қамалмақ

223
Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендер 15 тәулікке қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұған дейін адамдардың жабық тасжолға шығып кеткені үшін барлық жауапкершілік полицияда болатын. 2022 жылғы қазанда "Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Үкімет қаулысы шығып, жүргізушілерді жолды жабу туралы ескертуді елемегені үшін және жолға шыққаны үшін жазалау міндеттелді.

Портал мәліметінше, тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс. Автомобиль жолдарға шығатын жолды жауып тастаған полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар бірінші 30 АЕК немесе 2022 жылы 91 890 теңге айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бір жыл ішінде тағы бұзса – 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алу. Қамауға алынбайтындарға (мысалы, мүгедектер) 50 АЕК, яғни 152 150 теңге көлемінде айыппұл салынады.