Әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен

1 664

polisia.kzҚарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәлімет бойынша, полицияға ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.


Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның анасын іздестіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.