Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
Бұл атауды өзгерту туралы шешімге Ресейлік қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жалпы Байқоңырда көшелердің аты сирек өзгертіледі. Бірақ соңғы жылдары мұнда Абай даңғылы пайда болды. Ал жергілікті Жағалау көшесі енді Сырдарияны мекендеген түркі музыкасының бабасы Қорқыт атаның есімімен аталады. Байқоңыр тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагері, қаланың құрметті азаматы Қалмырза Жармановты танитын, көпшілік оны Қалмырза ата деп атайтын.
Ол барша байқоңырлықтарға үлгі болған майдангер, Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагердің құрметіне аталғанын, қария 97 жасында дүниеден өткенін айтты.
Қарапайым еңбек адамы болған Жарманов Ұлы Отан соғысын бастан-аяқ өткерген: Сталинград, Курск жотасындағы шайқастарға қатысып, Балтық маңы елдерін фашистік басқыншылардан азат етті, бірнеше рет жараланды.
Қазіргі таңда "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрамында Ресей Федерациясы жалға алған Қазақстанның Байқоңыр қаласында Ленин алаңы, Ленин көшесі, Владимир Ильичтің ескерткіші әлі бар.
Қаланың бұл ерекше көрікті жерлеріне шетелдік туристердің көпшілігі қызығып, пролетариат көсемінің ескерткіші жанындағы алаңда суретке түседі.