Зейнеткер көршісін өсектеймін деп 484 400 теңге айыппұл арқалады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қарағандыда өзінің танысы туралы шындыққа жанаспайтын сыбыс таратқан зейнеткер әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Сот деректеріне сәйкес, ол өзге адамдардың көзінше жәбірленушінің баласы күйеуінен емес деген негізсіз мәлімет айтқан. Істі қараған сот бұл ақпаратты көрінеу жалған деп танып, азаматшаны 160 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы 692 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.
Кейін заңда көзделген жеңілдікке байланысты сома 30 пайызға азайтылып, түпкілікті өндірілетін қаражат 484 400 теңгені құрады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Қаз
Рус






