"Келіннің дұрыс болмауы ененің қателігі" Бағдагүл ханым енелерге кеңес берді
432
Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесова жас отбасылардың ажырасып кетуіне көп жағдайда аналары кінәлі болатынын айтады- , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы емші Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирде айтты.Сынықшы тікелей эфирде жас отбасылардың ажырасып кетуіне көп жағдайда екі жастың аналары себеп болатынын айтты. Отбасының татулығы әйел адамға байланысты. Әсіресе әйелдер баласының отбасына араласпағаны дұрыс. Қандай қиындық көріп өсірсе де аналар баласына міндетсінбеуі керек.
Бағдагүл ханым өзінің де қиындықты көп көргенін. Бірақ ұлына ештеңені міндетсінбейтінін айтты. Немересін жақсы көреді, ата-әже ретінде қамқорлық көрсетеді. Алайда негізгі тәрбиені ата-анасы береді. Сондықтан баланы бұзуға болмайды. Немеренің өз орны бар.Баланы ата-анасы тәрбиелесін, өсірсін. Сол кезде жауапкершілігі болады. Осылай деген емші кейбір әйелдер қателікке бой алдыратынын айтты.
Көп аналар балаларының отбасына кіріседі. "Мен сені бақтым" деп міндетсінеді. Бұл дұрыс емес. Сен Алланың алдындағы борышыңды өтедің. Қазір жас отбасылардың бұзылуы аналарының араласуынан болады,
— дейді сынықшы.
— дейді сынықшы.
Кейбір ер адамдардың мінезі нашар, келіншегіне көңіл бөлмейді, бала-шағасын асырай алмайды.
—Әркімнің өз өмірі өзіне қымбат. Келіннің дұрыс болмауы — көп жағдайда енелердің қателігі. Қазір XXI ғасыр келіншектердің өмірін жеңілдетіп берді. Олар да рахат өмір сүрсін деді. Келінді әкеліп оны жау көресіңдер. Оның тапқан баласын жақсы көрмейсіңдер, анасын сыйламайсыңдар. Сосын келін сендерді қайдан жақсы көрсін, — дейді емші.
Бағдагүл ханым үйдің берекесі отбасындағы үлкендердің қолында екенін айтты.
Үйдің берекесі ата-ененің, әсіресе ененің қолында. Ал ер адам бала сияқты. Әйел адам дұрыс болуы керек. Әйел дұрыс болмаса ол үйде береке болмайды,— дейді ханым.
Бағдагүл ханым жас келіншектерге бала кішкентай кезінде ұйықтамай еңбек етуге кеңес берді. Бала өскеннен кейін қажеттіліктер көбейеді. Көп нәрсеге қол жеткізу қиындай түседі.
Бос отырмай жұмыс істей беру керек. Қолдан келсе үй алып қойыңдар. Ақша жинаңдар. Еңбек еткен адам бір жерде қалып қоймайды,— дейді емші.
Сондай-ақ сынықшы енелер қауымының да кемшіліктерін айтты. Үйіне қонақ келмейтін, ешкіммен араласпайтын енелер жастардың ажырасуына себеп болады.
Дәретхана мен ас үйдің бастығы болып, таңертеңнен кешке дейін келінді аңдып үйде отырады. Одан келін жақсы көрінбейді. Келген келінді маңдайынан сипамасаң кім жақсы көреді,
— деді сынықшы.
— деді сынықшы.
Емші енелер қауымына үйден шықпай, келінді аңдығанша, қайта қыдырып, құрбыларымен сөйлесіп, ортамен араласу керектігін айтты. Үйге қонақ шақырып, көпшіл болуы керек. Сонда ғана отбасының берекесі кіреді. Емші келіннің шешесін жамандайтын енелерді де сынап тастады.
—Келіннің шешесін неге жамандайсыңдар? Осыны түсінбеймін. Ол сенің құдағиың ғой. Келін үйіне барды дейсіңдер, барса не болады? Қайта бір демалып қайтады. Құдағиың қандай болса да жылы сөйлеңдер. Келіннің шешесімен неге арпалысасыңдар? Өтірік күліп, алдап-сулаңдар, жылы сөйлеңдер. Өздеріңнің оңып тұрғандарың шамалы ғой, — деді.
"Құдағиың сондай болса қайтесің" деген емші, келіннің шешесі қандай болса да жылы сөйлеу керектігін айтты. Одан отбасының беріктігі нығаймаса, шайқалмайды.