Бірінші курс студенттері қыркүйек айында шәкіртақы алмайтын болды
2024-2025 жылы оқу жылының I курс студенттері I семестрдегі шәкіртақыны қазан айында алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қаржы орталығының» телеграмм-арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа оқу жылының шәкіртақысы үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді. Ал дереккөз ол уақыт қазан айының іші болады дейді.
Дереккөзге сүйенсек, қалған курстардың студенттері шәкіртақыны уақытында алады.
Қаз
Рус






