Қызылорда қаласында 2 жасар бала суға батып кетті

270
Қызылорда қаласында екі жасар бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы 22 шілдеде 19 сағат 25 минутта Қызылорда қаласындағы К. Рүстембеков көшесі №29 тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, 2020 жылы туған бала үрлемелі бассейнге батып кетті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды және суда шомылуда негізгі ережелерді сақтауды сұрады.
"Құрметті облыс тұрғындары! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтаңыздар! Балаларға барынша сақ болыңыздар!", - деді Қызылорда төтенше жағдайлар департаменті. 
Сонымен қатар, Қазіргі таңда құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қала және аудан аумағында орналасқан су айдындарында күшейтілген режимде рейд жұмыстарын жүргізуде, - деді  Қызылорда облысы ТЖД басқарма бастығы Асхат Тоғызбаев. 

3 жасқа дейінгі балалар мен сәбилер үнсіз батып кетеді, және бұл үшін, тек 5 см тереңдіктің өзі жеткілікті.Сәбилер өз қимылдарын бақылай алмайды, сондықтан, егер бес сантиметрден бастап тереңдікте жуынатын ваннаға түссе, қауіп-қатерден құтыла алмайды. Бұл ретте олар ешқандай шу немесе күрес көрсетпейді, жай ғана тыныш батады, сондықтан ата-аналар тым кеш болғанға дейін не болып жатқанын білмеуі мүмкін.
Осылайша, тіпті жаңбырлы су кішкентай балаға қауіп төндіруі мүмкін.Естеріңізге саласақ, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жиырма бір адам суға ағып кетіпті. Оның жетеуі жасөспірім бала. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.