Ақмола облысында зейнеткерлер өрттен құтқарылды

281

Фото: polisia.kzАқмола облысы Степногорск қаласы Заводской ауылындағы жер үйлердің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер сонда өмір сүрген зейнеткерлер отбасын құтқарған.


Оқиға 28 маусым күні болған. Өрт сөндірушілер мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қызметкерлерімен бірлесіп үйден екі адамды құтқарған. Олар - 1955 және 1951 жылы туған ерлі-зайыптылар. 
Ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. 


Болжам бойынша өрттің шығуына темекі шегу себеп болған. 


Қызыл жалынды сөндіру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен өртке қарсы мемлекеттік емес қызметкерлер қатысқан.


 Ведомство өрт қауіпсіздігін сақтамау мүліктің бұзылуына ғана емес, адам өліміне де әкеп соқтыратынын еске салды. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.