“Айтсаң, өлтіремін деді": Ақтөбеде оқушы қызды бала кезінен танитын көршісі зорлаған

1 500

Фото: Видеодан скринАқтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға зорлық көргенін айтқан оқушы кейін интернетте блогерлердің қудалауына ұшырап, өзіне қол жұмсауға дейін барған. Зорлаған адам оны біраз уақыт қорқытып келген.

Ақтөбелік тұрғын Ақмарал Әжіғалиева ауылдағы сіңілісі жыныстық зорлықтың құрбаны болғанын айтып берді. 

“Өлтіремін” деп қорқытқаннан кейін сіңілісі көрген қорлығын бір ай бойы ешкімге тіс жарып айтпаған. Зорлаушы - көршісі, отбасымен араласатын танысының ұлы болып шықты. 
Оқиға 19 мамыр күні болған. Жәбірленуші тараптың баяндауынша, сіңілісі дос құрбысымен серуенге шығып, оның үйіне барған. Ал зорлаушы - құрбысының ағасы. Олардың отбасы таныс, дос болған. Кішкентайынан бірге ойнап өскен көршісі екені айтылды.  
“Көршіміз үйінде зорлады. Бала қорқып, бір ай бойы ешкімге ештеңе айтпады. “Айтсаң, өлтіремін, зорлағаным үшін емес, өлім үшін отырамын” деп қорқытқан. Сіңілім психологиялық күйзелісте болды. Осы оқиғаға байланысты бес ай бойы тергеу жүрді. Кеше сот үкімі шығып, кінәлі азамат 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың әділ шешім шығарғанына қуандық”,- деді жәбірленушінің апасы Ақмарал Әжіғалиева. 

Полицияға арыз жазғаннан кейін оқушының алақандай ауылда сталкинг құрбаны болғаны айтылған. Пабликтерге оқушы қыздың суреттерін жариялап, интернет арқылы қудалау жасаған. Жәбірленушінің туыстары блогердің үстінен бөлек арыз түсіргенін айтты. 

Іс материалдарында сотталушының кәмелетке толмағанның қарсыласқанына қарамастан, күш қолданып, еркінен тыс зорлағаны айтылған. 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқушыға қатысты қылмыстық істі жабық режимде қараған. Судья Жәнібек Сейтжапарав даулы оқиғаға үкім шығарған. 

22 жастағы ер адам ҚК-тің 120-3- бабы (күш қолдану арқылы кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық қатынас жасау) бойынша кінәлі деп танылды. 

Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады. Бірақ сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдермен расталған.

Сот отырысында прокурор айыпты толық қолдап, сотталушыға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Сот үкімімен ер адамға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қазіргі уақытта қыз бала психологтардың көмегін алып, оңалту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиғадан кейін мектептен кетуге мәжбүр болған. Қазір колледжде білім алып жүр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.