10 000 теңге: FlyArystan рейстеріне тіркелу ақылы болмақ

70

Тамыз айынан бастап FlyArystan ішкі және халықаралық рейстеріне тіркелу ақылы болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Компанияның хабарлауынша, FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу үшін ақша төлейсіз. Бұл қызметті алдын ала сатып алсаңыз — 5 000 теңге, ұшар алдында төлесеңіз — 10 000 теңге.


Ал алдын ала онлайн тіркелсеңіз - тегін.


"Уақытыңызды үнемдеңіз және аз уақытта отырғызу талоныңызды басып шығарыңыз. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстер үшін әуежайда тіркелу ақылы", –  деп ескертті компания.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.