Қысымға ұшыраған жігіт туған анасын тонаған
Көкшетаудың 21 жастағы тұрғыны бірнеше сатылы алаяқтық схеманың құрбаны болып, қаскүнемдердің нұсқауы бойынша оларға құны 6 миллион теңгеден асатын шешесінің зергерлік бұйымдарын өз қолымен апарып берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Тергеушілердің хабарлауынша, 29 мамырда жас жігітке өздерін ұялы байланыс компаниясының қызметкерлері етіп таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалған. SIM картасын ауыстыру сылтауымен олар SMS-хабарламамен келген кодты айтуға көндірген. Одан кейін жәбірленушіге өзін eGov порталының қызметкері етіп таныстырған әйел хабарласқан.
Қоңырау шалушы жас жігітке қатысты алаяқтық әрекеттер жасалып жатқанын және "мүлік декларациясын" өткізу үшін үйдегі құндылықтарды, соның ішінде зергерлік бұйымдарды суретке түсіруді талап еткен. Әңгімелесушіге сеніп, қала тұрғыны барлық нұсқауларды орындап, алаяқтармен сөйлесуді жалғастырған.
Келесі күні қаскөйлер алдаудың келесі кезеңіне өткен. Ер адамға күш органдарының жалған қызметкері қоңырау шалып, оның отбасының банктік шоттары арқылы тыйым салынған ұйымдарды қаржыландыру жүріп жатқанын мәлімдейген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.







