Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы
Бүгінгі таңда күніне 1 мың дана әлеуметтік нан ауданның 36 сауда үйлері мен дүкендеріне жеткізіліп, 75-85 теңгеден сатылуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімдігінің «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алған шараларына сәйкес «РЗА-Нан» ЖШС оператор болып, Корпорациямен шарт жасасты. Мамыр айынан бастап оператор арқылы 128 тн ұн алынып, меморандумға отырған 5 наубайханаға таратылды.
Биыл облыс әкімінің жанындағы Кеңес қарауына 27 жоба ұсынылып, барлығы 16 жоба мақұлданды. Сонымен қатар, 2023 жылға іске асыруға жалпы құны 12 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын жобаларды «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды. Одан өзге 14 жобаның ЖСҚ әзірленуде.
6 инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым, 2 газбен қамту жобалары, 1 тұрғын үйлерді қайта жаңғырту, 4 жолдарды жөндеу және 1 кәріз жүйесімен қамту жобалары. Демеушілер есебінен 5 балалар ойын алаңы салынатын болады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі-106,9 (9,7 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібі-107,6 (8,5 млрд теңге), инвестициялар тарту-111,3 (5,7 млрд. теңге), бөлшек сауда-110,5 (4,5 млрд. теңге), ауыл шаруашылығының жалпы өнімі-101,9 (4,7 млрд. теңге), құрылыс жұмыстары 111,3 пайызға (2,5 млрд. теңге) артты.
2022 жылға 24,1 млрд. теңгеге нақтыланды. Оның ішінде 2,2 млрд. теңге өз кірістеріміз,қалған 21,8 млрд. теңге субвенция, трансферттер және кредиттер. Есепті кезеңге түсімдер жоспары 102,9 пайызға, ал өз кірістеріміз 133,4 пайызға орындалды. 2022 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5299 бірлікті құрайды. Оның ішінде, 5064-ы немесе 95,6 пайызы нақты жұмыс жасап тұр.
Жыл басынан 711 кәсіпкерлік субъектісі ашылды.Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында
1,5 млрд. теңгеге 125 жоба қаржыландырылды. Қазіргі уақытта 392 млн. теңгені құрайтын 36 жобаны қаржыландыру үшін микроқаржы ұйымдарының қарауына ұсынылды. Одан бөлек, 363 млн теңгені құрайтын 33 жобаның тізімі жасақталып отыр.
Биыл ауданда 17402 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Сондай-ақ, есепті кезеңде ауданнан Ресей, Украина, Ирак, Тәжікстан, Монғолия, Түркия, Германия, Қытай, Нидерланды, Дания елдеріне 3539,5 тонна (2421 тн күріш, 557 тн балық, 561,5 тн қамыс) ауыл шаруашылығы өнімдері экспортқа шығарылды.
Аудан бойынша 12 321 тұрғын жер алу үшін кезекте тұр. Жыл басынан бері 18 582 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы салынып, өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға артық орындалды.
2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес аудан орталығынан шалғай орналасқан Шәкен, Шилі және Сарбұлақ ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Анықтама: Сарбұлақ ауылы автономды су жүйесімен қамтамасыз етілсе, Шәкен, Шилі елді мекендері Арал ауданына қарасты Тоқабай ауылы арқылы ауыз су желісіне қосылады.
Сонымен қатар, Байқожа су құбырын қайта жаңғырту жобасы дайындалып, қаржыландыруға ұсынылды /Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге/.
Жоба аясында 17 мыңнан астам халық, 3 мыңнан астам тұрғын үй және 115 әр түрлі бағыттағы нысандары газ желісіне қосылады.
Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде 406,2 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 232,5 шақырым асфальтты, 102,7 шақырым қиыршық тасты және 71 шақырым топырақты жолдар. 2022 жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеуге бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлініп, 7 жоба қолға алынды. Қазіргі таңда 60 шақырымға жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Анықтама үшін:
1. «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолын күрделі жөндеу (45-76 км).
2. «Әйтеке би - Басықара» автомобиль жолын орташа жөндеу (0-19 км).
3. «Қожабақы-Бекарыстан би» автомобиль жолын орташа жөндеу (0-18 км).
4. «Басықара-Абай-Өркендеу» автомобиль жолын орташа жөндеу (0-20 км).
5. «Бекарыстан би - Майдакөл» автомобиль жолын орташа жөндеу (2,7-10 км).
6. «Қожабақы - Бекарыстан би - Майдакөл» автомобиль жолын орташа жөндеу (0-12 км).
7. «Қазалы - Көларық - Бекарыстан би - Жаңақұрылыс» автомобиль жолын орташа жөндеу (43,7-56 км).
Одан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген
35,1 млн. теңгеге Әйтеке би кентіндегі 7 көшеге (Қ.Қартақов, И.Байзақова, Ә.Қашаубаев, Бейбітшілік, Қ.Ибрагимов, Біржан сал, Жанқожа батыр 3 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы құны 1,6 млрд. теңге болатын жөндеуге тиісті 52 көшенің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдер тапсырылды. 2022 жылы аудан аумағында 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 7 жобасы өткен жылдан өтпелі болса,
10 нысан жаңадан басталған құрылыс нысандары болып табылады. Бұл жобаларға 2022 жылы 2,1 млрд. теңге қаржы қаралды.
2022 жылы басталған құрылыс нысандары:
1. Басықара елді мекеніне орамішілік газ желілерінің құрылысы /ҰҚ есебінен 231,6 млн. теңге/.
2. Қ.Пірімов елді мекеніне орамішілік газ желілерінің құрылысы /ҰҚ есебінен 149,4 млн. теңге/.
3. Жалаңтөс батыр елді мекеніне орамішілік газ желілерінің құрылысы /ҰҚ есебінен 414,3 млн. теңге/.
4. Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесіне шағын футбол алаңының құрылысы /АБ-тен 28,7 млн. теңге/.
5. Шәкен елді мекенінде спорт ойын алаңын орнату /АБ-тен 8,6 млн. теңге/.
6. Байқожа елді мекенінде спорт ойын алаңын орнату /АБ-тен 5,4 млн. теңге/.
7. Алға ауылдық округі, Ү.Түктібаев ауылынан ангар типті спорт кешенінің құрылысы /ҰҚ есебінен 242,5 млн. теңге/.
8. Кәукей ауылынан 100 орындық ауылдық клуб құрылысы /ОБ-тен 10 млн. теңге/.
9. Әйтеке би кентіндегі көлемі 210 гектар жер учаскесіндегі инфрақұрылым құрылысы жобасында қалып қойған тұрғын үйлерді төмен қысымды газ желілерімен және 0,4 кВ электр желісімен жабдықтау /РБ-тен 156,7 млн. теңге/.
10. Қазалы қаласынан 140 орындық балабақша құрылысы /ОБ-тен 418,9 млн. теңге/.
Жыл басынан бері экономиканың түрлі саласында 1 999 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 733-і тұрақты. Өткен жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға тұрақтады.
Бүгінгі күні жұмыс іздеуші ретінде 2 мың 961 адам хабарласып, 1 мың 374 адам тұрақты жұмысқа орналасты.2022 жылдың 25 шілдесінен бастап «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізде оқыту басталды. Оқытудан кейін 2022 жылдың 8 тамызынан бастап бизнесін жаңадан бастаушыларға 1 225 200 теңгеден грант берілетін болады. Есепті кезеңде аудан бойынша 104 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды.
47 адам тұрақты жұмыс орнына, 3 адам жастар практикасына, 3 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 42 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 9 адам мемлекеттік грант алды.