Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді

1 500

Фото: Azattyq RýhyIQAir рейтингіне сүйенсек, Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қаладағы ауа сапасының индексі 165 пункті құраған. 

Рейтингте Алматыдан жоғары Пәкістанның Лахор қаласы (индексі – 214) мен Үндістанның Дели қаласы (индексі – 178) орналасқан. Ал төртінші орында Үндістанның тағы бір қаласы – Канпур (индексі – 160) тұр.

Айта кетейік, ауа сапасының индексі ластану деңгейін және оның адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалауға арналған бірыңғай сандық көрсеткіш. Бұл ретте IQAir рейтингі бойынша Алматы қаласының индексі «адам денсаулығына зиян» санатқа жатады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.