Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды
Қазақстан аумағына шет елдерден бидай әкелуге тыйым салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Министрлік мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бидай импорты 1,3 млн тоннаны құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы импорттың жылдық көлеміне тең. Сондай-ақ Қазақстанда өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті деңгейде.
Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіліп, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қаз
Рус






