Бірінші курс студенттері қыркүйек айында шәкіртақы алмайтын болды

1 591

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков2024-2025 жылы оқу жылының I курс студенттері I семестрдегі шәкіртақыны қазан айында алады, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Қаржы орталығының» телеграмм-арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа оқу жылының шәкіртақысы үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді. Ал дереккөз ол уақыт қазан айының іші болады дейді.

«Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін хабарлаймыз. Шәкіртақы қазан айының соңында төленеді», - деп жазды Қаржы орталығы.

Дереккөзге сүйенсек, қалған курстардың студенттері шәкіртақыны уақытында алады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.