Италияда аптап ыстықтан қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды

270
Италияда аптап ыстық салдарынан қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды.

Мамандар ең ыстық күн бүгін болады деп болжайды. Осыған орай елдің 15 шаһарында мамадардың дайындығы жоғарғы деңгейде болмақ. Римде үшінші күн қатарымен күн жанып тұр. Ауа температурасы 38 градустан асады. Ал, Италияның 4 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Тілсіз жаудан 3 адам мерт болғаны белгілі. Орман өрті Алжирде де ырық берер емес. Өрт жалмаған елді мекен тұрғындары жалынмен арпалысып шаршады. Халықтың отты өшіру үшін арнайы техникасы жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апат 69 адамның өмірін қиды. Жергілікті билік елдің солтүстігінде өршіген өртті ауыздықтау үшін әскерилерді тартып жатыр. Ал, Тизи-Узу провинциясындағы Ибудрен ауылының тұрғындары аталған көмектің әлі де жетпегенін айтып шағымданады.
Шериф, жергілікті тұрғын: - Бес күн бойы өртті өшірумен әлекпіз. Аймақта байланыс, ауыз су, жарық, тіпті газ да жоқ. Әбден қажыдық. Әліміз кетті.