Сенбілік кезінде мұнай компаниясының қызметкері көз жұмды

1 514

Фото: ©freepik.comҚұлсарыда сенбілік кезінде жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан ҚазТрансОйл компаниясының қызметкері қаза тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, қызметкерді жүк көлігі қағып кеткен. Ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. ҚазТрансОйл компаниясының еңбек қауіпсіздігі, экология және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабулов қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеген. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тергеу аяқталғанға дейін қосымша ақпарат жарияланбайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.