Ер адам өгей екі қызын зорлаған

1 519

Фото: Intockphoto.comТүркістан облысының Кентау қаласында ер адам өгей екі қызын зорлады деген күдікке ілінген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ер адам ұзақ жылдар бойы кәмелетке толмаған қыздарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған деп күдіктелуде. Күдіктінің қылмыстық әрекеттері басталған кезде өгей қыздары алты және сегіз жаста болған.

Түркістан облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша Кентау қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталғанын растады. Полицияның мәліметінше, арыз 2025 жылдың желтоқсан айында түскен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.