Қызылордалықтар кәріз құдықтарының қақпағын таппай жатыр

590
Бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз дегеннің өзінде, бүгінде   көшедегі қауіпсіздік ережелері   жөнді сақталмай жатыр , деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Қаламыздың ең өзекті проблемасы -  сапасы сын көтере бермейтін кәріз құдықтары. Қазіргі таңда күйбең тіршіліктің әсерінен тұрғындар,  көшедегі қауіпсіздік ережелеріне баса назар аудара бермейді.  Қаладағы коммуналдық құдықтардың  кейбірі арнайы  қақпақтар арқылы  жабылғанның өзінде, жеңіл желпі ғана бекітіліп қойылған. Сонымен қатар,  бірнеше  көпқабатты тұрғын үй аулаларында әлі күнге дейін  кәріз құдықтарының беттері  арнайы темір қақпақтармен бекітілмеген. Бұл коммуналдық құдықтардың салтанатты түрде жабылуы үшін басшылық  адам өлімі дерегін күтіп отыр ма? 



Осы орайда, қаламыздағы Кби мөлтек  ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің коммуналдық құдығының бірі әлі де   үңірейіп   ашық жатқанын айтсақ болады.


Көріп тұрғандарыңыздай, коммуналдық құдықтың аузы айқара ашық тұр. Көпқабатты тұрғын үй болған соң,  әр үйде кем дегенде 3-4 кішкентай баладан  болады.  «Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада» демекші,  аулаға ойнауға шыққан балаларымызды   алаңдаумен боламыз.  «Алаңдауымыздың  басты себебі,   ауламызда  орналасқан кәріз құдықтарының ашық жатуы. Әрине, ойын балалары болғаннан кейін бұларға кез-келген зат қызық болып көрінеді. Кім біледі? Қызықтап қарап тұрғандарында балалардың  түсіп  кетпеулеріне кім кепіл?!. Осындай аузы ашық жатқан люктердің бетін  басшылық арнайы темір қақпақтармен жауып берсе екен. Болмаса, ойын балаларын бір  үйде ұстап отыру мүмкін емес» , дейді  қала тұрғыны Манат Музаппарова.


Алайда, тек КБИ мөлтек ауданында ғана емес, Титов, Арай, Мерей, Тасбугет мөлтек ауданындарында және Түркістан көшесінің бойында  аузы ашық жатқан люктер өте көп.



























Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Титов мөлтек ауданында  кешкі уақытта 5 жасар қыз бала ата-анасымен   келе жатып, байқаусызда  ашық жатқан құдыққа түсіп кетті. Абыроай болғанда, әкесі уақытылы бүлдіршінді құтқарып өлім ауызынан аман алып қалған болатын.  Осындай оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін әрекет еткен дұрыс.



журналист,
Динара БАУЫРЖАНҚЫЗЫ