Ресейде Instagram бұғатталды

248
Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы киберқауіпсіздік пен Интернетті бақылайтын Netblocks ұйымы хабарлады.


Қазіргі деректер Instagram Ресейдегі бірнеше провайдер бойынша шектелгенін көрсетеді.


Netblocks  Instagram-ға үкімет енгізген Интернет шектеулері әсер етпейтін VPN қызметтері арқылы жанама түрде қолжеткізуге болатынын қосты. Дегенмен, қолданушылардың көпшілігі VPN бағдарламасына қолжеткізе алмайды және бұл шара нәтижесінде Ресейде Instagram-ды қолдану айтарлықтай төмендейді деп күтіледі.


Еске салайық, Ресей Meta-ның шектеулерінен кейін Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдаған болатын.
Осыдан кейін Ресей бас прокуратурасы соттан Meta-ны экстремистік ұйым деп тануды сұрады. Роскомнадзор бас прокуратура талабы бойынша Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.