Қызғалдақтармен суретке түскен әкімнің басы дауға қалды

1 469

Фото: depositphotos.comАқтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева қызғалдақ ұстап суретке түсіп, басы дауға қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"КТК" арнасы мәліметінше, ол суретті әлеуметтік желілерде жариялаған, бұл көпшіліктің наразылығын тудырған.

"Шенеунік қызғалдақтарды табиғатта демалып жүрген кезде қызы бергенін және айналасында оларды жұлуға болмайтыны туралы ешқандай белгі болмағанын айтқан", - деп жазылған материалда.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметінше, әкім гүлдерді өзі жұлғаны туралы тікелей дәлел жоқ.

"Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз", - деп түсіндірді полиция.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.