Атырауда 4 миллион теңгеге салынған аялдаманы сындырып кеткен

444

24 қараша күні түнгі уақытта Атыраудағы аялдаманың терезесін сындырып тастаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қаланың базар маңында орналасқан аялдамасы қазір терезесіз тұр. Бүгін қалада қар борап, жаңбыр жауғандықтан, тұрғындар қоғамдық көлікті аялдамада емес, жол шетінде күтуге мәжбүр.

Бұзақы аялдаманың терезесін сындырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның не себепті қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгісіз.

" Полиция департаменті аялдаманы сындырған азаматты іздеп жатыр. Тұрғындарды қоғамдық мүлікті, аялдамаларды ұқыпты ұстауға шақырамыз, - дейді Атырау қалалық полициясының баспасөз қызметі.

Бейресми деректерге сүйенсек, бұл аялдаманың құны - 4 млн теңге шамасында. Қала бойынша осындай 23 аялдама орнатылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.