Грантқа түсе алмаған алматылық түлек министрлікті сотқа берген

1 868

Фото: Turkystan.kzАлматылық талапкер Медина Майсар ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Медина Майсар жоғары балл алса да, грантқа түспей қалғанына, ал одан төмен алғандар грантқа ілігіп кеткеніне наразы.


«Кеше бірінші талапкер ғылым министрлігіне әкімшілік шағым түсірді. Өкініштісі, министрлік әлі күнге дейін өз қатесін мойындамай, заңға қайшы келіп, төтенше квота енгізуге құқығы бардай сыңай танытып отыр», – дейді заңгер Халида Әжіғұлова.


Оның айтуынша, мектеп бітіріп, мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған 200-ден астам бала көмек сұрап келген.


Іс әлі сотқа жеткен жоқ. Әжіғұлова ондаған баланың сотқа шағымдануға ниетті екенін атап өтті. Осыған дейін Медина Майсар президентке үндеу жолдап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.