Қарағанды облысында жол апатынан 6 бала зардап шегіп, 2 адам мерт болды

221

Қарағанды облысының Нұра кентінің маңында жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші де мерт болды, жеті бала зардап шекті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

жол апаты

Жол апаты 28 маусым күні сағат 21.45-те болған. Нұра ауылынан 4 шақырым жерде "Жараспай-Нұра" автожолында екі автокөлік соқтығысқан. Полиция департаментінде хабарлағандай, "Хонда Одиссей" автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан 25 жастағы жүргізуші басқарған "Фольксваген Гольф" автокөлігімен соқтығысқан.

"Оқиға орнында "Хонда Одиссей" автокөлігінің жүргізушісі көз жұмды. "Фольксваген Гольф" автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Сондай-ақ, жол апатынан "Фольксваген Гольф" автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 37 және 33 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 11, 8, 7, 6, 5 және 2 жастағы балалары, сондай-ақ 19 жастағы әйелдің інісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.