Ливаннан 41 қазақстандық елге жеткізілді

1 354

Фото: Reuters/Ayal MargolinТаяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ливаннан Қазақстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, аталған операция Ыстамбұл және Дубай арқылы ұйымдастырылып, 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматыға 41 адам аман-есен жеткізілген.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді, - деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты министрлік қазақстандықтарға аталған өңірдегі ахуал тұрақтанғанға дейін Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға кеңес берген еді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.