Түрмеден рақымшылықпен шыққандардың 2 мыңға жуығы қайта сотталды

404

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев рақымшылықпен шыққандардың жағдайын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Елімізде бұған дейін 8 рет "Рақымшылық туралы" заң қабылданды.

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тағы да түрмеден адам босатамыз. Осы уақытқа дейінгі рақымшылықпен шығып, артынан қайта сотталғандардың саны — 1972 адам,— дейді Мейрам Аюбаев.

Оның айтуынша, биыл сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар да босатылады.

Қазір түзету мекемелерінде сыбайлас жемқорлықпен сотталған 501 адам бар. Биыл олардың жетеуіне рақымшылық жасалады. Бұлар сыбайлас жемқорлықтың ауыр емес және орташа бабымен бас бостандығынан айырылғандар,— деп түсіндірді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.