Шымкенттегі түнгі клубта қыз жігітті пышақтап тастады

801

Фото: polisia.kzШымкенттегі түнгі клубтардың бірінің жанында ер адамды пышақтап өлтірген. Іс бойынша басты айыпталушы – тергеушілердің айтуынша, ер адамды пышақтап өлтірген қыз, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, төбелеске себепкер болған оның сүйіктісі сотта куәгер ретінде қатысуда. Жанжал қызғаныш негізінде туындаған.


Марқұмның анасының айтуынша, ұлын биге бір қыз шақырған. Бірақ, белгілі болғандай, бейтаныс жігіт жалғыз емес, жігітімен бірге болған.


Жігіті ұлымды дәлізге апарып, бетінен ұрған. Сол жерде болған жігіттер оларды ажыратып, жанжал біткен сияқты болған,- дейді марқұмның анасы.


Марқұмның анасының айтуынша, таңғы сағат 06:00-де ұлын қағып кеткен ер адам сүйіктісіне пышақты көліктен алып келуді айтқан. Қыз пышақты әкелді, бірақ жігітке бермеді, өзі мойынға сұғып алады. Артынша оның жігіті пышақты тартып алған. Артериясына тиген пышақ жарақатынан жігіт тілге келместен кетеді.


Марқұмның анасы оқиғадан кейін ғашықтар көлікке отырып, жоғалып кеткенін алға тартады. Кейін олар ұсталды.
Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына жабылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.