Ресейде Facebook желісін бұғаттады
296
Роскомнадзор 4 наурызда Ресей аумағында Facebook желісін бұғаттау жайлы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Настоящее время басылымына сілтеме жасап.
Facebook-қа иелік ететін Meta компаниясының вице-приезиденті Ник Клегг Ресей билігінің бұл шешіміне қатысты пікір білдіріп, жақын арада миллиондаған ресейліктің тексерілген және шынайы ақпарат көзінен ажыратылғанын түсінетінін мәлімдеді."Біз өз сервисімізді қалпына келтіру үшін барлығын жасаймыз. Себебі қолданушылар өз ойларын білдіру үшін қолжетімді болуы керек", - деп жазды Ник Клегг.
25 ақпанда Роскомнадзор 25 ақпанда Facebook-тің кей аймақтарда бұғатталатынын айтқан. Ал кешке цензураға байланысты желі трафигінің төмендейтінін мәлімдеді.
Келесі күні Facebook қауіпсіздік саясаты бөлімінің басшысы Натаниэль Глейхер әлеуметтік желіде Ресей БАҚ-тарына жарнама орналастыруға тыйым салынатынын хабарлады.