"... әбден еті өліп кеткен депутаттар бар" - Мәжіліс депутаты
227

Ол "Хабар" арнасындағы "Біздің мақсат" бағдарламасында Мәжілісте тек биліктің айтқанымен жүретін депутаттар көбейіп кеткенін жеткізді.
"Қатарынан екі-үш шақырылымда сайланып, әбден еті өліп кеткен депутаттар бар. Менің өзім 2 жыл ғана отырдым. Соның өзінде етім өліп кетуі мүмкін. Қазір бізде биліктің айқанын істей беретіндер депутаттар көп. Әбден үйренді. Содан арылуымыз керек," — деді Самат Мұсабаев.
Ол осы ретте өз орнын босатуы қажеттігін, жаңадан жастар келуі керектігін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін жеткізген еді.