"Ата-анамыздың жоғы жанымызға батады": Жетім қалған бес бала баспаналы болды

1 518

Фото: Видеодан скриншотҚара бетперде киген жұмбақ жігіт ата-анасынан айырылып, жетім қалған бес балаға пәтер сыйлаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ ауыр дертке шалдыққан 7 жастағы үйдің кенжесінің емін толық өз мойнына алған. 

15 жастағы Дариғаның отбасында бес бала бар. Олардың әкесі жүрек ауруынан көз жұмса, анасы үш ай бұрын қатерлі ісіктен қайтыс болған. Ата-анасынан бірдей айырылған балалардың өз баспанасы жоқ.

Дариға ата-анасын қатты сағынатынын, әсіресе кішкентай сіңлісінің анасының қайтыс болғанын әлі түсіне алмай жүргенін айтты.

“Ата-анамызды қатты сағынамыз. Олардың орнын ешкім баса алмайды. Анамыз қайтыс болғаннан кейін кішкентай сіңліміз қайта-қайта “Анам қайда? Анамды көрсетіңдерші” деп сұрай беретін. Біз оған не айтарымызды білмейтінбіз. Кейде адамдардың “Бұлар жетім қалды, ата-аналары жоқ” деген сөздерін естимін. Мұндай сөздер жүрекке қатты батады”, – дейді Дариға.

Отбасының жағдайын 7 жастағы кенже қыздың ауыр дерті одан сайын қиындата түскен. Дәрігерлер оған “апластикалық анемия” диагнозын қойған.

Балалардың тағдырын естіген қара бетперде киген қайырымды жан оларға жаңа пәтердің кілтін табыстап, кенже қыздың толық емделуіне көмектесетінін жеткізген.

“Дариға, қарындасым, Алланың қалауымен бүгін өмірлеріңізде жаңа кезең басталады. Бұйыртса, сіңліңіз толық ем қабылдайды. Сондай-ақ бүгіннен бастап өз баспаналарыңыз бар”, – деді бетперде киген жігіт.

Желі қолданушылары қайырымды жанның әрекетіне алғыс айтып, балаларға жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.