«180 мың теңгеге 1 литр йогурт»: Павлодарда ерекше тендер жарияланды (ВИДЕО)

299
Павлодардағы балабақшалардың бірі 405 млн 643 мың 500 теңгеге 2250 литр йогурт сатып алуға конкурс жариялаған деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу порталына шыққан бұл сауда-саттық, жұрттың ерекше назарын аудартты.
Есептеп қарағанда бір литр йогурт 180 мың 286 теңгеге шыққан.

Сонымен қатар Екібастұздың қалалық ауруханасы 3 млн 900 мың теңгеге 10 ноутбукқа тапсырыс берген. Яғни бір ноутбукты 390 мың теңге бағалаған.

Ал ондай тауардың шынайы құны екі есе арзан тұрады. Сондай-ақ Жетекші ауылдық мектебі алты интерактивті тақтаның панелін сатып алу үшін 16 млн 480 мың теңге ұсынған. Мониторинг жүргізген мамандар, бір панелдің бағасы 1 млн 300 мың теңге екенін анықтады.

Антикор қызметінің ақпаратынша, барлық мемлекеттік мекемелерге ескерту беріліп, лоттар порталдан алынған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.