Телефонды тыңдаудан қорғайтын құрылғы орнатқан басшы қызметінен шеттетілді

332
Қарағанды облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясының бастығы Болат Нұрбаев қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды. Ресми мәлімет бойынша, әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеодан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметтік тексеруді бастаған.

Қазан айының аяғында Ugolnaya_stolica парақшасында видео жарияланды. Онда Қарағанды облысы бойынша көлік инспекциясының жаңадан тағайындалған басшысы Болат Нұрбаевтың кабинеті түсірілген.

Кадрлар инспекция басшысы және оның әріптестерінің қатысуымен түсірілген. Онда әріптестері басшысын қызметтік кабинетте тыйым салынған гаджеттер орнатқаны үшін айыптайды. Олар бойкот жариялайтынын айтады.

Видеода кеңседе ұялы байланысты, интернетті болдырмайтын арнайы техникалық құралардың бар-жоғын сұрайды. Сондай-ақ әріптестері Болат Нұрбаевтың жұмыс уақытында кино көріп, темекі шегетінін айтқан.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, желіде пайда болған видеодан кейін министрлік қызметтік тексеріс жүргізген. Оның нәтижесі кейін белгілі болмақ.