Қызылордадағы «Өркендеу» саяжайы өркендей ме?
Қызылорда қаласындағы «Еңбек» саяжайының тұрғындары құзырлы орындардың назарынан тыс қалғанына наразы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың айтуынша, саяжайда тұрмыс кешу үшін ешқандай жағдай жоқ. Қала аумағынан жырақта орналасқан «Еңбек», «Өркендеу» және «Игілік» саяжайлары біріктіріліп, «Еңбек» саяжайының құрамына кірген. Саяжай аумағында 200-ге жуық шаңырақ мекен етуде.
Жауапты орындардан арнайы мамандар келіп, көшені жарықтандыру жұмыстары 15 тамызда бастау алатындығын хабарлаған екен. Алайда берілген уәде аяқ асты қалған.
Жол мәселесіне келер болсақ, саяжайдан жер беру кезінде кеткен өрескел қателіктен туындаған, - дейді тұрғындар. Бос жатқан жерлердің көпшілігі кәсіптік мақсатта берілген екен. Ал, жер иелері өз иелігіндегі жерді қоршап, көліктің кіріп-шығуына мүмкіндік қалдырмаған. Осы мәселе төңірегінде облыс, қала әкіміне, Тасбөгет кенті әкімдігіне, тиісті бөлімдерге бірнеше мәрте шағымданған. Алайда оны елеп-ескеріп жатқан билік жоқ.
Ол аздық еткендей, қоғамдық көлік мәселесі де мен мұндалап тұр. Саяжайға қатынайтын небәрі үш қоғамдық көлік қатынайды. Оның өзі лық толы келгендіктен, көп жағдайда тоқтамай өтіп кетеді екен. Наразылықтарын әкімдік жағаласақ та, шеше алмай келеміз деген тұрғындар сабаққа қатынайтын балалар үшін үлкен қиындық туғызып отырғанын айтып ашынады.
Саяжайдағы бірқатар мәселелер бойынша Қызылорда қалалық әкімдігіне хабарластық.
Қалай дегенде де, қараңғы көшеде қалған «Өркендеу» саяжайы тұрғындарының жанайқайы бүгін-ертең шешімін таппайтын сыңайлы. Десек те, құзырлы орындар тарапынан үн қосар деген үміт бар.