84 ақбөкеннің өлексесі табылды
Атырау облысы Құрманғазы ауданының екі ауылында ақбөкендердің өлекселері табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлекселер қазан айынан бастап табыла бастаған. Кейін тұрғындар бұл туралы дереу құзыретті органдарға хабарлаған.
Қараша айында «Охотзоопром» мамандары аудандық ветеринариялық станциямен бірлесіп екі рейд жүргізді. Сүйіндік және Азғыр ауылдық округтерінің аумақтарында 84 ақбөкен ұшасы жиналды.
Барлық қалдықтар санитарлық талаптарға сай жойылды.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





