84 ақбөкеннің өлексесі табылды

1 408

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comАтырау облысы Құрманғазы ауданының екі ауылында ақбөкендердің өлекселері табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлекселер қазан айынан бастап табыла бастаған. Кейін тұрғындар бұл туралы дереу құзыретті органдарға хабарлаған.


«Өлген ақбөкендердің сүйектері мен олардың ішкі органдарынан алынған патологиялық материалдар «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың» зертханасына зерттеуге жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша жануарлардың өлімінің себебі пастереллез деп танылды. Осыған байланысты өңірдегі жауапты тұлғаларға қаза тапқан ақбөкендердің өлекселерін жинауды ұйымдастыруды және олардың табылған жерлеріне дезинфекция жүргізуді сұрайтын хат жолданды», деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қараша айында «Охотзоопром» мамандары аудандық ветеринариялық станциямен бірлесіп екі рейд жүргізді. Сүйіндік және Азғыр ауылдық округтерінің аумақтарында 84 ақбөкен ұшасы жиналды. 

Барлық қалдықтар санитарлық талаптарға сай жойылды.

«Мәселе аудан әкімдігінің бақылауында. Қазіргі уақытта ақбөкендердің өлексесі қалған жоқ», - деп нақтылады әкімдіктегілер. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.