8 жасар бала терезеден құлап кетті

475
Оралда 8 жасар қыз бала көп қабатты үйдің  терезесінен құлап кетті деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметінде оқыс  оқиға 19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 19:43-те А.Оразбаева көшесіндегі бес қабатты №2а үйінде орын алған. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылғы қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барған. Жабық бас-ми жарақатын алған қыз баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.