Қызылордада жол апаты азайма​й тұр

2 380
Бүгін Қызылорда қаласындағы Көшербаев пен Шүкіров қиылысында жол апаты орын алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 

Қызылордалық тұрғындар күнара жайсыз жағдайға куә болуда. Зерттеу бойынша, қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі Көшербаев көшесінде жиі орын алатындығы белгілі болды.  Көбінесе көлік жүргізушілерінің жылдамдықты арттыру салдарынан орын алған жол апаты орын алуда. Одан бөлек, қауіпті бұрылыстарда жол белгілерінің болмауы мен қойылған белгіге аса мән бермеуі де оқыс оқиғаның орын алуына бір себеп.


Бұл жөнінде
Instagram әлеуметтік парақшасында қала тұрғындары

«Е.Көшербаев пен Ж.Баһадүр көшелерінің қиылысында жол апаты жиі орын алатын өте қауіпті жер. Шыны керек балаларымыз үшін қатты қорқамыз. Көшеде кетіп бара жатқан адамдар да зардап шегуде. Талай адамды жедел-жәрдем көлігіне алып кеткен. Жергілікті билік тарапынан «жылдамдық бәсеңдеткішін» орнатып берсе, яғни «лежачий полицейский». ,- деген жазбаларды кезіктіруге болады.




«Жол – қателікті кешірмейді», деген бар. Жол бойында заулаған шетелдік көліктер, бірін-бірі басып озуға бейім жүргізушілер де көп. Бәрі асығыс, бәрі жылдам. Көліктің жылдамдығы артқан сайын қауіптің де арта түсетіні белгілі. Ал Көшербаев көшесі бойында жиілеп кеткен жол апаты да азаяр емес.


«Көшербаев пен Бахадүр көшелерінің қилысында «Toyota Camry» және «Opel Vectra» автокөліктері соқтығысып жол көлік оқиғасы орын алған.


«Аталған жол көлік оқиғасы рәсімделіп, тиісті сараптамалар тағайындалуда. Жоғарыда аталған автокөліктердің жүргізушілері жол-көлік оқиғасының салдарынан қалалық ауруханаға жатқызылды» ,-делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ресми мәлімдемесінде.

Ал, бүгін күндізгі уақыт шамаларында орын алған жол апатында көлік аударылып, жаға ұстатты. Е. Көшербаев пен З.Шүкіров көшелері қиылысында қатты жылдамдықпен келген автокөлік аударылғаны да белгілі болды.




Осы орайда, Қызылорда қалалық полиция басқармасы


«Е. Көшербаев бойында жиі орын алатын жол апаттарын алдын алу және көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп азайту және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жасанды тегіс еместік қондырғыларын» орнатуға «Қызылорда қаласы әкіміне» тиісті ұсыныстар жолданғандығын. Аталған жол көлік оқиғасы рәсімделіп, тиісті сараптамалар тағайындалуда. Жоғарыда аталған автокөліктердің жүргізушілері жол-көлік оқиғасының салдарынан қалалық ауруханаға жатқызылды»,-делінген.




Расында бір емес бірнеше апат орын алған көшенің тұрғындары да күніне оқыс оқиғалар орын алатындығы алаңдататындығын да жасырмады.