Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңа айыппұлдар қолданысқа енді
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген түзетулер 13 наурыздан бастап күшіне енді. Кей баптар толықтырылды, ал басқалары қайта қаралды, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №155-VIII Заңына қол қойды. Ережелер 13 наурызда ресми түрде күшіне енді.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жаңа айыппұлЖол қозғалысындағы басқа да ережелерге енген өзгерістерАйыппұлдың басқа түрлеріЖол қозғалысы ережелерін бұзғандарға жаңа айыппұЖолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын орындамағандардың жауапкершілігін қарастыратын Кодекстің 593-бабында жаңадан 1-2-бөлімі пайда болды:
- "Көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс жолаушы тасымалдау, сондай-ақ көлік құралының терезе саңылаулары мен люктерінен басын шығару немесе қозғалыс кезінде есіктерін ашу".
Енді бұл үшін көлік иелері 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде немесе 2025 жылғы мөлшермен – 39 320 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Жол қозғалысындағы басқа да ережелерге енген өзгерістер:
- Кейбір бап өзгеріске ұшырап, жазалар күшейтілді, кейбірі жеңілдетілді.Мысалы, қарсы жолаққа шығып кеткені үшін 6 айға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасына (596-бап) қосымша:
- Егер заңбұзушылық әрекеті көлік құралдарына, жүкке, жолдарға және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зиян, материалдық залал келтірсе – 9 айға жүргізу құқығынан айыру;
- Заңбұзушылықты көлік құралын пайдаланатын мүгедектігі бар жүргізуші жасаса (көлік құралын мас күйде жүргізу немесе сараптамадан жалтару, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу жағдайын қоспағанда) – 6 айға көлік құралын басқару құқығынан айырудың орнына 30 АЕК (117 960 теңге) көлемінде айыппұл салу.
- Сондай-ақ, темір жол өткелдерін кесіп өту ережелерін бұзғаны үшін (607-бап) бұрынғыдан да қатаң жаза қолданылады - айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке (39 320 теңгеден 78 640 теңгеге дейін) ұлғайтылды. Ал егер бұл заңбұзушылық қандай да бір мүлікке нұқсан келтірсе немесе материалдық шығын келтірсе, онда жүргізуші 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Сонымен бірге, көлік иелерінің екі түрлі теріс әрекеті үшін жазалау шаралары жеңілдетілді:
- тұрақ үшін төлем жасаудан жалтару (597-баптың 4-1-тармағы) – айыппұл 3-тен 1 АЕК-ке (11 796 теңгеден 3 932 теңгеге дейін), ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 5-тен 2 АЕК-ке (19 660 теңгеден 7 864 теңгеге) төмендетілді;
- жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіргені үшін (610-баптың 1-тармағы) – енді көлік құралын жүргізу құқығынан айырудың орнына 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл ғана қалды
Айыппұлдың басқа түрлері:
- Әкімшілік жазаның басқа салаларына келер болсақ, енді қазақстандықтар арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін (438-бап) 30 емес, 60 АЕК (235 920 теңге) айыппұл төлейді.
- Ал егер бұл төтенше жағдайлар, жазатайым оқиғалар, өрт және басқа да табиғи апат кезінде немесе бірінші жазадан кейін бір жыл ішінде қайталанса, сома 120 АЕК (471 840 теңге) дейін өседі.
Ал, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап кәмелетке толмаған азамат (14-16 жас аралығындағы) жалған қоңырау шалса, айыппұл 15 АЕК емес, 30 АЕК (117 960 теңге) болып бекітілді, оны ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар төлеуге тиіс.
Сондай-ақ заңсыз қоқыс төгетін жер ұйымдастырғаны үшін бөлек айыппұл қарастырылған. Сонымен, 344-бапқа енді келесідей жаңа құқық бұзушылық түрлері енгізілген:
- тасымалдауға арналған көлік құралдарын пайдалана отырып қалдықтарды арнайы белгіленбеген жерге тастағаны үшін (2-1 тармақ) – жеке тұлғаларға 100 АЕК (393 200 теңге), заңды тұлғаларға 200-ден 1 000 АЕК (786 400 - 3 932 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады;
- заңбұзушылық жеке тұлғалар үшін бір жыл ішінде және заңды тұлғалар 3 жыл ішінде (4-1 тармақ) қайталанса айыппұлдың екі еселенген мөлшерін төленеді.
Енді қазақстандықтар есірткілік әсері бар және күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін де жазаланады (440-1-бап), егер бұл әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса:
- бірінші құқық бұзушылық үшін – 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады; қайталап жасағаны үшін – 80 АЕК (314 560 теңге), немесе 20 тәулікке қамауға алынады.
Осылайша, қазақстандықтар әкімшілік жауапкершілікті ұмытпауы қажет. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, жедел жәрдем шақыру және қоғамдық орындарда және табиғатта өзін ұстау ережелерін білуге тиіс.