Қызылордада мектеп оқушысы қоңырау уақытында бұрыш баллонын шашқан

4 434

Фото: https://edu-kz.com/Қызылорда қаласында оқыс оқиға орын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыс орталығындағы № 253 мектептің оқушысы қоңырау уақытында бұрыш баллонын шашқан. Салдарынан 4 жасөспірім зардап шекті.


Зардап шеккен оқушылар Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жасөспірімдер дәрігерлердің бақылауында, тиісті ем - шараларын жасауда. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс жасап жатыр.


“23 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан мектептердің бірінде оқушы қоңырау уақытында бұрыш баллонын шашқан. Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орындарының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде”, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.