Қазақстандықтар төлқұжатын онлайн режимде ала алады
1 205
Қазақстандықтарға жеке құжаттарды рәсімдеу қызметі онлайн режимде қолжетімді болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды. Қызметтер электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады.
"Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны онлайн форматта іске қосылсын. Осы қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортын, жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың ерекшелігіне қосымша онлайн форматта ІІМ жеке куәліктің қолданыс мерзімінің аяқталу себебі бойынша халықты құжаттандыру мобилді қосымшаларын электронды үкімет порталы нысанында бекітілсін. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді және 2026 жылғы 31 наурызына дейін қолданылады", - делінген құжатта.
Жобаны жүзеге асыру қаржылық шығындарды қажет етпейтіні атап өтілді. Жоба 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.