Нұр-Сұлтан маңында ер адам ұлымен төбелескен баланы қан-жосаcын шығарып соққыға жыққан
298
Нұр-Сұлтан мыңандағы Қосшы қаласында ер адам 9 жастағы баласымен жанжалдасып қалған құрдасын соққыға жығып, асфальтқа басын ұрғылаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде 9 жастағы екі бала ауладағы балалар алаңғайында жанжалдасып қалғаны, оны көрген балалардың бірінің әкесі екінші баланың жанына жетіп келіп, бас салып ұрып-соға бастағаны жазылған.
"Ашуға булыққан 40 жастағы ер адам балаға жұдырық ала жүгірді. Ол аз дегендей, желкелей ұстап, баланың басын асфальтқа ұрғылады. Баланың көгермеген жері жоқ, соққыдан тістері түсіп, жағынан қан кетті, көзінің алдында үлкен ісік пайда болды. Ал оны соққыға жыққан әлгі адам сол күйі қамауға алынған жоқ", - делінген жазбада.
Жазба авторы кішкентай баланы қатыгездікпен ұрып-соққан ер адамныңзаң жүзінде барынша қатаң жазаға тартылып, зардап шеккен баланың емін толық төлеп беруін талап етеді.
"Өркениетті қоғамда балаға қол көтеретін мұндай адамдардың еркін жүруіне жоқ бермеу керек. Егер ол бүгін жазасыз қалар болса, ертең өзгелерді өлтірмесіне кім кепіл?", - деп автор Ішкі істер министрлігінен шұғыл шара қабылдауды сұрайды.
Желі қолданушылары бұл сұмдық жайтқа қатысты пікір білдіріп, кінәліні қатаң жауапқа тартуды талап етіп жатыр.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі жақын арада бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беретіндерін хабарлады.