Елордада Диснейленд салынады

1 215

Фото: https://www.globaltimes.cn/page/202110/1237757.shtml?id=11Астанада "Жібек жолы" атауымен жаңа Диснейленд салынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жоспарға сәйкес, бұл ойын-сауық паркі Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болмақ. Бұл туралы "Астана архитектура" парақшасында ақпарат тарады.


Жобаның инвестиция көлемі шамамен 10 миллиард долларды құрайды. Осы ауқымды жобаға байланысты елордада келіссөздер жүргізілген.

"Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш ULKENBAY компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Шанхайдағы Диснейленд үлгісіндегі аттракциондар паркін салу бойынша үлкен жоба талқыланды. "Жібек жолы" деп аталатын бұл кешен Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін үйлестіруді көздейді", – делінген хабарламада.

Жобаның инвестиция көлемі 10 миллиард доллар шамасында болса, кешеннің жалпы ауданы 400 гектардан асады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.