Жоғалған ерлі-зайыптылардың әйелі зорланған, күйеуі асылулы күйде табылды

2 398

Фото: instagram.com/zello.poiskАқтөбеде бір күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыпты – 40 жастағы Аманжол Алмағанбетов пен оның әйелі Гүлжахан Шектібаеваның денесі қала шетінен табылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм әйелдің денесінен зорлық белгілері анықталған. Ал оның күйеуі асылған күйінде табылған. Полиция дерегінше, ерлі-зайыптылар 41-разъездегі үйлерінен белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған. Оларды іздеу жұмыстары кеше басталған.

Облыстық ПД баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Кейінгі іс-шаралар барысында оның күйеуі асылып тұрған күйінде анықталды. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Аумақ тексеріліп, заттай дәлелдемелер жиналуда. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.