"... әбден еті өліп кеткен депутаттар бар" - Мәжіліс депутаты

245

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Келесі жылы өтетін Парламент сайлауында төменгі палатаға жастар келуі керек. Мұндай ойды Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол "Хабар" арнасындағы "Біздің мақсат" бағдарламасында Мәжілісте тек биліктің айтқанымен жүретін депутаттар көбейіп кеткенін жеткізді.


"Қатарынан екі-үш шақырылымда сайланып, әбден еті өліп кеткен депутаттар бар. Менің өзім 2 жыл ғана отырдым. Соның өзінде етім өліп кетуі мүмкін. Қазір бізде биліктің айқанын істей беретіндер депутаттар көп. Әбден үйренді. Содан арылуымыз керек," — деді Самат Мұсабаев.


Ол осы ретте өз орнын босатуы қажеттігін, жаңадан жастар келуі керектігін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін жеткізген еді.




 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.